Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Мьянмадағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
Сонымен қатар, сол елдің Премьер-министріне және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Бұған дейін Президент жер сілкінісінен көптеген адамның қаза табуына байланысты Таиланд Премьер-министріне көңіл айтқаны жайында жазған болатынбыз.