Жалпы алғанда, сейсмикалық қауіпті аймақта Алматы, Шымкент мегаполистері мен еліміздің 13 облысы енген деп болжанды.
Қазақстан аумағының үштен бірі – сейсмикалық қауіпті
2,731
оқылды

Еліміздің Сейсмология институтының ғалымдары Күн "терең минимум стадиясына" кіргеніне байланысты әлемде табиғи апаттар жиілейтініне назар аудартты.

Ғалымдардың түсіндіруінше, "Күн минимумы" осы жұлдыздағы белсенділіктің төмендеу кезеңін білдіреді. Бұл ретте оның бетінде дақтардың саны мейлінше азаяды. NASA ғалымдары Күннің 2008-2009 жылдары "терең минимум сатысына" кіргенін жариялады. Бұл кезең содан бері жалғасып, өрістеп жатыр, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздің Сейсмология институтының ғалымдары таяу тарихымызда Қазақстан территориясындағы және іргелес аумақтардағы қуатты жер сілкіністері дәл осы "Күннің гранд-минимумдары" кезеңінде болғанын айтты. Ендеше мемлекет қамсыз қалмай, қауіп қылып, құзырлы органдарды бәріне дайын еткені жөн.

Өйткені ТЖМ дерегінше, Қазақстанда 400-ден астам қалалар мен ауылдарға зілзала қаупі төніп тұр. Бүгінде Қазақстан аумағының үштен бірі – сейсмикалық қауіпті болып табылады. Бұл аумақта Қазақстан халқының жартысынан астамы өмір сүреді. Отандық өнеркәсіптің бүкіл әлеуеттің 40%-ы соларда шоғырланған.

Жалпы алғанда, сейсмикалық қауіпті аймақта 2 мегаполис (Алматы, Шымкент) және 13 облыс (ШҚО, Абай, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Жетісу, Атырау, БҚО, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан) орналасқан деп болжанды.