Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жүргізілді.
Қазақстан мен Еуроодақ екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда
баспасөз орталығы
243
оқылды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еуропалық комиссияның вице-президенті Кая Калласпен кездесу өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Instagram парақшасында жарияланған.

Сұхбат барысында тараптар қазақ-еуропалық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін егжей-тегжейлі талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар олар Самарқандта өтетін «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінің маңызын атап өтіп, өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын құптады.

Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді, сондай-ақ көлік және логистика, маңызды шикізат, жасыл энергетика, цифрландыру, климаттың өзгеруі және тағы басқа салалардағы бірлескен жобаларды одан әрі тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық комиссиясының вице-президенті Кая Калласпен сындарлы диалогты жалғастыруға екіжақты қызығушылық танытты.