Еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жабылды.
Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жол жабылды
2,095
оқылды

Бүгінгі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтөбе облысы:

"Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92-шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7-шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 110 арнайы техника мен 187 маман жұмылдырылды.