Оның ішінде 60-сы бала.
Демалыс күндері қар құрсауынан 200-ден астам адам құтқарылды
баспасөз орталығы
803
оқылды

Өткен демалыс күндері, яғни 15-16 наурызда ауа райының нашарлауына байланысты құтқарушылар 222 адамды құтқарды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Құтқарылғандардың арасында 60 шақтысы бала екен. Сондай-ақ 287 автомашина қар құрсауынан және балшықтан шығарылды. Авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге құтқарушылар 140 рет шықты.

Ауа райының нашарлауы туралы дауылды ескертулер мен автожолдардың жабылуы туралы хабарламалар СМС-хабарламалар, ТЖМ, аумақтық бөлімшелердің интернет-ресурстары және әлеуметтік желілері арқылы халыққа жеткізілді.