Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қала нысандарын араламақ.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді
баспасөз орталығы
330
оқылды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды аралап көреді.

Еске салайық, кейінгі рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев былтыр сәуірде Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізген еді. Оның барысында ресми Астана мен Ташкент арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды.