Ол фельдшерге 90 мың теңге материалдық шығын және 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс.
Жедел жәрдем шақыртқан ақмолалық тұрғын фельдшерге шабуыл жасады
www.istockphoto.com
904
оқылды

Степногор қаласында жергілікті тұрғын жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасағаны үшін сотталды. Ол жедел жәрдем фельдшеріне қол көтергені үшін 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Оқиға эпилепсия ұстамасы бар науқасқа көмек көрсету кезінде орын алған.

Тергеу мәліметінше, жедел жәрдемнің кешігіп келгеніне ашуланған әйел медицина қызметкерімен сөзге келіп қалған. Науқасты көлікке отырғызу сәтінде ол да жедел жәрдем көлігіне кірмек болған. Бірақ әйел науқастың жақын туысы саналмағандықтан фельдшер оған рұқсат бермеген. Осыған ашуланған әйел фельдшерді жұдырықтап ұра жөнелген. 

Сот шешімімен әйел кінәлі деп танылып, 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұған қоса, ол фельдшерге 90 мың теңге материалдық шығын және 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.