Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері өртке оранған шаруашылық құрылысын сөндірді. Оқиға Өскемен қаласындағы Промышленная көшесінде болған. Ағаштан салынған шаруашылық құрылысы өртке оранды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
- Құтқарушылар келген сәтте өрт жалындап жанып жатты. Құтқарушылар өрттің 165 шаршы аумағын сөндіріп, ол жақтан оттың арасынан екі газ баллонын алып шыққан. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген министрлік хабарламасында.
Төтенше жағдай министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Шаруашылық құрылыстарында өрт қауіпті материалдарды жинауға жол берілмейді. Өрт кезінде 112 нөміріне хабарлау керек.