Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан финалға шықты.
Жерлесіміз жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен кездесті. Тартысты белдесуде қазақстандық балуан 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақта ирандық Джахангир Вализадеге 0:3 есебімен жол берді. Енді ол қола медаль үшін күресетін болады.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Естеріңізде болса, Ризабек Айтмұхан бұған дейін былтыр Таразда өткен халықаралық турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалған болатын.