ІІМ мәліметінше, олар ірі көлемдегі ақша қаражатын иемдену мақсатында бір азаматты автокөлігінде күш қолданып ұстаған.
Павлодар облысында адам ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
istockphoto.com
815
оқылды

Павлодар облысында жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері мен ұйымдасқан топ мүшелерінен құралған қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Прокуратураның мәліметінше, күдіктілер ірі көлемдегі ақша қаражатын иемдену мақсатында бір азаматты автокөлігінде күш қолданып ұстаған.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 125-бабы (адам ұрлау) және 194-бабы (бопсалау) бойынша тіркеліп, арнайы прокурорлар тергеуді жүргізуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазіргі таңда топтың өзге де қылмыстық әрекеттері тексерілуде. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды, – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз