ТЖМ қызметкерлері Семейде қоймадағы өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Ж. Аймауытов көшесіндегі ауданы 450 шаршы метрлік қойма өртеніп, жақын орналасқан жер үйлерге оттың таралу қаупі болды.
- Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, 220 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, – деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты«Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз