Қола медаль үшін өткен кездесуде Рахат Қалжан қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:8 есебімен басым түсті.
Еркін күрестен Азия чемпионаты: Рахат Қалжан қола медаль иеленді
olympic.kz
801
оқылды

Қазақстандық балуан Рахат Қалжан еркін күрестен Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитеті таратқан мәліметке сәйкес, отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта Ирак спортшысы Хусейн Альбехадилальборспен белдесті. Қола медаль үшін өткен кездесуде Рахат Қалжан қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:8 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін бақ сынайды. Ал қола жүлде үшін Начын Куулар (70 келіге дейін) және Дәулет Ергеш (79 келіге дейін) күреседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз