Асар шағынауданында екі қабатты кафенің жертөлесінде өрт болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Өрт сөндірушілер келген кезде кафеден қалың қара түтін шығып жатты. Нөлдік көріну мен жоғары температураға байланысты өрт сөндірушілерге өрт ошағын анықтау қиынға соқты.
Өрт сөндірушілердің кәсіби және батыл әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол бермей, өртті жоюға мүмкіндік туды. Белгілі болғандай, жертөледе автомобиль бөлшектері мен майлар жанған.
ҚР ТЖМ зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.