Астана қаласында Инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды. Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, спорт орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Инклюзивті спорт орталығының іргетасы қаланды
232
оқылды

Мәулен Әшімбаев елордада аталған спорт орталығын салу әділетті мем­ле­кет құру жолындағы маңызды қадам еке­нін атап өтті. Мемлекет басшысы елі­мізде инклюзивті қоғам қалып­тас­ты­руға және мүгедектігі бар азамат­тар­ға тең мүмкіндіктер беретін жағдай жа­­­сауға үлкен көңіл бөліп келеді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрбір азаматтың да­муына және өз әлеуетін жүзеге асы­руы­на жағдай жасалған әділетті қоғам құру­дың маңызды екенін үнемі айтып ке­ле­ді. Жаңа Инклюзивті спорт ор­та­лығы мүгедектігі бар спортшылардың алаң­сыз жаттығу жасауына, халы­қара­лық жарыстарға дайындалуына және жаңа биіктерді бағындыруына жол аша­тын орынға айналады деп сенеміз. Мұн­да бочча, баскетбол, арбамен ой­най­тын футбол, голбол, отырып ой­най­тын волейбол және тағы басқа спорт түрлеріне арналған залдар бола­ды. Бұл қадам спортшыларымызға ха­­­­лықара­лық жарыстарға жоғары дең­гейде дайын­далуға мүмкіндік береді», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы мұн­дай орталықты салу тек спорттағы жетіс­тіктерге ғана ықпал етіп қоймай, әр азаматтың өмірден өз орнын табуы­на, көппен араласып, қарым-қатынас жа­сауына және бір-бірін қолдауға бері­летін зор мүмкіндік екенін айтты. Мұ­ның бәрі – мүгедектігі бар бала­лар­ды үлкен өмірге бейімдеудің және қо­ғам­да дұрыс құндылықтар жүйесін дәріп­теудің тиімді тетігі.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев жо­ба­ны іске асыруға ұйытқы болған Аста­на қаласының әкімдігіне және инк­лю­зив­ті спортты дамытуға, па­рас­­порт­шы­лар­ға жағдай жасауға ат­салы­сып жүрген белсенді азаматтарға алғыс білдірді.

Салтанатты рәсімге Астана қаласы­ның әкімі Жеңіс Қасымбек, Туризм жә­не спорт вице-министрі Серік Жа­рас­баев, параспорт федерацияларының басшылары мен мүшелері және тағы басқа мүдделі тараптар қатысты.