Танымал болуының отбасына әсері туралы айтқан.
«Олар кінәлі емес...» Қайрат Нұртастың отбасы туралы айтқан сөзі қызу талқыға түсті
Фото: Instagram/kair_n
8,523
оқылды

Әнші Қайрат Нұртас сұхбаттарының бірінде танымал болуының отбасына әсері туралы айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.  

«Олар Қайрат Нұртастың ата-анасы болғанына кінәлі емес қой. Менің екі інім кінәлі емес қой, Қайрат Нұртастың інісі болғанына. Бала-шағам кінәлі емес қой, Қайрат Нұртастың отбасы болғанына. Олар күнде банан жейді, олар күнде ананас жейді. Әрқайсысының астында машина бар, Аллаға шүкір. Оның бәрін істеп жатқан мен. Олар мойындайды», - дейді Қайрат Нұртас.

Желі қолданушылары әншінің бұл сөзін сынға алды.

«Жап-жақсы әнші еді, әңгімесі төмендеп кетіпті», «Мен де күнде банан мен ананас алып жеймін. Мен де Қайрат Нұртаспын ба?», «Біз де күнде банан жейміз Қайрат Нұртас болмасақ та»,  - деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от НУМЕРОЛОГ | ПСИХОАНАЛИЗ | ЛИЛА (@numerolog.ainura)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.