Көрмеге күн сайын 100-ден астам келуші келіп, олардың әрқайсысы Кәрікбек Күйіковтің қайсар мінезіне, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қаруды таратпау қозғалысына қосқан ерекше үлесіне тәнті болды.
Нью-Йорк қаласында әлемге әйгілі қазақ суретшісінің көрмесі өтті
1,082
оқылды

БҰҰ штаб-пәтерінде (Нью-Йорк қ.) Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің конференциясы өтті, оған Қарағанды облысының делегациясы да қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қарағанды облысы Семей ядролық полигонының құрбаны, әлемге әйгілі суретші Кәріпбек Күйіковтің суреттерінің көрмесін және тарихи-өлкетану музейінің қорларынан «Полигон жаңғырығы» атты фотокөрмемен таныстырып, өз тарихын, мәдениетін және өмір сүруге деген ынтасын әлемге таратты.

"Біздің Отанымыздың өнерін БҰҰ сияқты маңызды халықаралық тұғырнамада таныстыру біз үшін үлкен мәртебе. Біз шығармашылық пен өнер арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығы туралы, жаһандық қауіпсіздікті қолдаудағы әрбір адамның рөлі туралы мықты хабарлама жеткізуге болатынына сенімдіміз , – деп атап өтті  Қарағанды облысының Мәдениет, архивтер  және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Жұмакенов.

Ядролық қаруды таратпау жөніндегі конференция үкіметтерді, ғалымдарды, белсенділер мен азаматтық қоғам өкілдерін қоса алғанда, әлемнің түкпір-түкпірінен делегаттарды жинайтын әлемдік аренадағы маңызды оқиға екені сөзсіз.

Қарағанды облысының суреттер көрмесі қатысушылардың назарын тек техникалық мәселелерге ғана емес, сонымен қатар бейбітшілікті сақтау жөніндегі жаһандық күш-жігердің гуманитарлық құрамдас бөліктеріне де аударды.

Қарағанды облысының делегациясы осы маңызды форумға қатысуы Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен мәдени және дипломатиялық байланыстарын тереңдетуге ықпал еткенін мақтан тұтады. Кәріпбек Күйіков суреттерінің көрмесі, сондай-ақ мұражай қорларындағы фотокөрме конференция бойы жұмыс істеді әрі делегаттар мен халықаралық ұйым өкілдерінің келуіне қолжетімді болды.

Көрмеге күн сайын 100-ден астам келуші келіп, олардың әрқайсысы Кәріпбек Күйіковтің қайсар мінезіне, сондай-ақ Қазақстанның ядролық қаруды таратпау қозғалысына қосқан ерекше үлесіне тәнті болды. Кәріпбек өзінің өнерінің арқасында әлемдегі бейбітшілік пен ядролық қарумен күрестің символына айналды. Оның өнері  жай ғана сурет емес, күрес, үміт, бейбіт, өмірге ұмтылу. Оның шығармаларын таныстыра отырып, біз еліміздің барша әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтынын көрсеттік.  Біздің басты мақсатымыз  болашақ ұрпақ үшін қауіпсіз, гүлденген әлемді қалдыру.