Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының бірінші кезеңі өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыстың екінші күнінде шаршы алаңға ұлттық құраманың бес боксшысы шықты. Олардың ішінде тек Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) ғана жеңіске жетті. Ол үндістандық Нарендерді ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
54 келі салмақ дәрежесінде Анита Әдішева польшалық Виктория Рогалиньскіге жол берді.
60 келіге дейінгі салмақта Талғат Сырымбетов бразилиялық Луис Оливейрадан жеңілді.
50 келіге дейінгі салмақта Нұрзат Оңғарұлы өзбекстандық Асылбек Жалиловке есе жіберіп, турнирді аяқтады.
65 келі салмақ дәрежесінде Алмат Абдуәлі бразилиялық Юри Рейес Фалькаомен кездесіп, жеңіліс тапты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.