Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды.
Елімізде үш айда 69 есірткі зертханасы жойылды (видео)
Фото: видеодан кадр
611
оқылды

Ішкі істер министрлігі "Заң және Тәртіп" принципіне сәйкес есірткі қылмысымен күресті жалғастыруда, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Үш айда республика бойынша 69 есірткі зертханасы жойылды. 18 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Үш тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді. 

Оның ішінде: 250 кг синтетика 1 тонна 642 кг марихуана 238 кг гашиш 322 грамм героин. 

- Жыл басынан бері 1425 адам ұсталды. Оның ішінде 76 әйел, 23 жасөспірім және 9 шетел азаматы. Есірткі қылмысын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жалғасып жатыр, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.