Өскемен, Семей, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жел соғып, тұман түседі.
Жел, найзағай: еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: istockphoto.com
676
оқылды

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі деген болжам жасап, дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысында жел соғып, найзағай ойнайды.

Петропавл қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел, тұман болып, жаңбыр жауады.

Көкшетау қаласында, Жетісу, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Өскемен, Семей, Жамбыл, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жел соғып, тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.