Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Вашингтонда өткен Америкалық мемлекеттік басқару қауымдастығының (ASPA) мемлекеттік қызметшілерді тұрақтандыру және жасанды интеллект дәуірінде адами капиталды дамыту тақырыбындағы конференциясына қатысты.
EQyzmet жүйесінің игілігі зор
260
оқылды

Панельдік сессияда сөз сөйлеген Дархан Жазықбай Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық мем­ле­кеттік қызмет жүйесін жаңғырту бойынша алға қойған мін­деттеріне сәйкес жүзеге асырылған ауқымды өзге­ріс­терге және бастамаларға тоқталды. Ол мемлекеттік қыз­метті бюрократиядан арылту, персоналды басқаруда за­манауи HR құралдарын енгізу және мемлекеттік ап­параттың сервистік моделін қалыптастыру бағытындағы ша­раларды атап өтті. Сондай-ақ жаңа басқарушылық мә­дениетті қалыптастырудағы маңызды жобалар – Пре­зиденттік жастар және өңірлік кадр резервтерін құру тә­жірибесімен бөлісті. 

Агенттік төрағасы заман талаптарына сай мемлекет­тік аппараттағы адам ресурстарын басқарудың барлық про­цесі және мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу отан­дық eQyzmet жүйесінде толығымен автомат­тан­ды­рылғанына назар аударды. Алдағы уақытта жасанды ин­теллект мүмкіндіктерін қолдану зерделеніп жатқаны атап өтілді.

Қолданыстағы жүйені институционалды түрде қайта қарауды көздейтін ҚР Мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бе­кітіл­гені айтылды. Тұжырымдама аясында мемле­кеттік қыз­­меттің гибридті моделі енгізіліп, қызметшілердің көл­денең мансаптық өсуіне және еңбекақы деңгейін арт­тыруға мүмкіндік жасалады. Жастарды мемлекеттік қыз­метке тарту және даярлау үшін ерте кәсіптік бағ­дар­лау институтын құру жоспарлануда.

Алты бағыт пен 150 сессияны қамтыған конфе­рен­ция­да басты назар технологиялық өзгерістер мен жаңа цифр­лық құралдардың үздіксіз дамуы жағдайында «қо­ғамға қызмет ету» тәсілдерін қайта қарастыру, жасанды ин­теллектіні тиімді пайдалану, оны бақылау және қоғам игі­лігіне жарату, сондай-ақ осы салалардағы ынты­мақ­тастықты күшейту мәселелеріне аударылды.