Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.
5 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді: Алматыда шетелдік кибералаяқтар ұсталды
Фото: ҚМА баспасөз қызметі
924
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қалалық департаменті үш шетелдік азаматты ұстап, жалға алған пәтерде тінту жүргізу барысында алты SIM-боксты анықтап, тәркіледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Агенттіктің мәліметінше, бұл құрылғылар алаяқтық схемаларда кең көлемде қоңыраулар жасау, хабарламалар жіберу және абоненттік нөмірлерді өзгерту үшін қолданылады.

Сондай-ақ, әртүрлі мобильді операторлардың 5 мыңнан астам SIM-картасы тәркіленді.

- Аталған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша – «ұялы байланыс абоненттік құрылғысының идентификациялық кодын заңсыз қолдану, абонентті сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту және идентификациялық кодты өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану, тарату» қылмыстық іс тіркелді.

Күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды. Олардың интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, - делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.