Қыз жариялаған бейнежазбада Шәріп Серіктің қызды жеделсатыдан жұлқылап шығарғаны анық көрінеді.
Актер Шәріп Серік сүйіктісін соққыға жықты
"TALK LIKE" бағдарламасы
1,219
оқылды

Актер Шәріп Серік бұрынғы сүйіктісі Әлия Ботееваны соққыға жықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Әлия Ботеева Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, сүйген адамының өзіне қол көтеруі - үш ұйықтаса түсіне кірмеген жағдай. Ол махаббаттан басталған сезім күш көрсетумен аяқталғанына өкініш білдірді. 

Қыз жариялаған бейнежазбада Шәріп Серіктің қызды жеделсатыдан жұлқылап шығарғаны анық көрінеді. 

«Физикалық жағынан әлсіз болсам да, мораль тұрғысынан қабылдауға болмайтын нәрсені айтпай, үндемей қоя салатындай әлсіз адам емеспін. Мен өзімді және өз абыройымды қорғауға мәжбүрмін. Менің ойымша кесіп өтуге болмайтын шекара болады», - деп жазды Әлия Ботеева.

Алматы Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқаны хабарланды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aliya Booteyeva (@aliya_booteyeva)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.