Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Құтқарушылар тауда оқыс жағдайға ұшыраған адамға көмек көрсетті
398
оқылды

ТЖМ қызметкерлері тау шатқалынан құлап қалған адамға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Щучинск қаласының 101 пультіне жедел жәрдем қызметінен "Телевышка" көру алаңының ауданында тау шатқалынан адамның құлағаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, аяғынан жарақат алған 33 жастағы ер адамды зембілдің көмегімен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. 

ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.