Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара ауылында құс фабрикасының аумағында бір қабатты ғимараттың шатыры өртенді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келген өрт сөндірушілер 1 500 шаршы метр аумақтағы өртті тез арада жойды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, өрт ғимараттың ішіне таралмай, 8 000-ға жуық тауық аман қалды. Өрттің тез таралуына қатты екпінді жел ықпал етті.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.