Зәкен Құрманқожанов 1923 жылы 1 қыркүйекте Зайсан ауданы Сарыжыра ауылында дүниеге келген. Ауылдық мектепте 8 класстық білім алған ол жастайынан колхозда еңбек етті. Бар-жоғы 19 жасында, 1942 жылы қызыл әскер қатарына алынды. Әскер қатарында жүріп Аягөзде сержант оқуын бітірген. Артынан Мәскеу түбіндегі соғысқа қатысып, ұрыс алаңындағы батыл шешімдерінің арқасында бөлім командирі атанған.
Кезекті ұрыс кезінде көрсеткен ерлігіне сай «Ерлігі үшін» медалімен марапатталып қана қоймай, Мәскеуге оқуға жіберілді. Владимир қаласында танкистер даярлайтын оқуды аяқтап, Латвия мен Литва жерлерінде болған Вильнюс қаласын азат ету шайқасына қатысқан. Сонымен бірге Берлин қаласын азат ету ұрысына қатысып, "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңісі үшін" медалімен марапатталды.
1946 жылы соғыс аяқталып, ауылға оралған соң жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықққан. Марқұм зайыбы Күлсім Шоқпанайқызы екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірді. Қос ғасырдың куәгері болған Зәкен ата – 28 немере, 60 шөбере мен шөпшектің ардақты атасы.