Әлемдік қауымдастық тек әріптестіктен тұрса игі. Бірақ мұн­­да аяқтан шалу да, жат құндылықтарды тықпалау да, мем­лекеттің ішкі ісіне араласу да бар.
Сыртқы ықпалда қауіп бар
447
оқылды

 Өйткені адамзат дүние­­танымының бол­мысы сондай. Жаһандық деңгейдегі жым­ысқы саясаттың сал­қыны соңғы 20 жылда қатты сезіле түсті. Тіпті, Қазақстанды да қар­ы­май қалып жатқан жоқ. Таяуда өткен Ұлттық құрылтайдың да, Мәжілістің осы аптада өткен жалпы отырысының да көтер­ген бір­ тақырыбы осы сыртқы ықпал туралы болды. Біз де «Мәжіліс мінберінің» кезекті санына Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыр­шин­нің ­«AMANAT» партиясы фракциясы мүшелері атынан Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалын таңдап алдық.

Өзінің депутаттық сауалын Еділ Терекбайұлы Мемлекет бас­шысының Ұлттық құрылтайдағы ішкі саясатқа байланысты мәлім­демесінен бастады. Өйткені Пре­зидент еліміздің ішкі саясат­ы­на тікелей араласқан сыртқы күш­тер­дің жұмысын сынға алып, олар­ға нақты мін таққан болатын. Мысалы, Қасым-Жомарт Кемел­ұлы: «Әлемдегі ауқым­ды өзгеріс­терге баршамыз куә болып, тіпті оған өзіміз де қатыс­ып жатырмыз. Бұл үрдістің жал­ға­са берері сөзсіз. Басты халық­аралық мәсе­лелерді шешуге қа­тысты жаңа пайымдар мен нарративтер, ерекше көзқарастар мен тәсілдер пайда болды. Бұ­рын-соңды болмаған қақтығыс­тар, ушыға түскен сенім дағдары­сы, қадір-қасиеті кете бастаған халық­аралық құқық, экономика­лық шайқастар қазіргі әлемнің басты сипатына айналды. Мұның бәрі жаңа технологиялық қалып орныққан, маңызды ресурстар үшін талас-тартыс күшейе түс­кен, өндіріс және сауда-логисти­ка байланыстары қайта құрылып жатқан, техногендік және табиғи апаттар туындаған кезеңге тұспа-тұс келіп отыр. Беделді саясаткер­лер мен сарапшылар «дүниежүзі жаппай берекесіздік жайлаған немесе болашағы бұлыңғыр жаңа заманның қарсаңында тұр» деген пікір білдіре бастады. Басқаша айтқанда, әлемдегі ескі тәртіп күй­реп жатыр, ал жаңа дәуірдің сұлбасы әлі нақты айқындалған жоқ. Көз алдымызда тарихтың жаңа айналымы басталып жатыр. Жаһандану үдерісінің мән-маңы­зы жоғалып барады. Мемлекеттік ұлтшылдық, ықпал жүргізетін аумақ­тарды бөліске салу, әлемдік саясатта аймақтарға бөліну үрдісі алдыңғы қатарға шықты», – де­ген болатын.

Осы сыртқы ықпал ету сая­саты­ның Қазақстанға қаншалық­ты қауіпті екенін Еділ Терекбай­ұлы өз сөзінде ашып айтады.

«Өйткені геосаясаттағы дом­и­н­ант мемлекеттер өзінің жеке мүд­десі мен саяси ықпалын жүр­гіз­іп қана қоймай, оны іске асыру үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді пай­даланып келді. Мысалы, мемле­кет­тердің ұлттық құндылықтарын жоюға бағытталған әсіре феми­нис­тік, ЛГБТ, эмо және басқа да субъмәдениеттік қозғалыстар арнайы, жоспарлы түрде мил­ли­он­даған АҚШ долларымен қар­жы­ландырылды. 

Одан қалса, олар ұлтараздық пен діни алауыздықты, сепара­тизм мен трайбализмді біздің сая­­си күн тәртібімізге енгізуге күш­ салды. Мұны Президент Ұлт­тық құрылтайда: «Халықара­лық үкіметтік емес қорлар мен ұйымдар көптеген елдің ішкі ісіне негізсіз араласты», – деп қадап айтты.

Дегенмен соңғы кезде АҚШ-тың билігі өз ішкі және сыртқы саясатын қайта қарауда. Тіпті, АҚШ-тың Конгресінде Халық­ара­лық даму агенттігінің, яғни USAID-тің жұмысы тоқтатыла­тыны туралы мәселе қаралып жатыр. 

Соңғы онжылдықта Қазақ­станның ішкі саясатына ықпал ету үшін USAID-тен 150 млн дол­лардан астам қаражат бөлініпті. Осындай ұйымдар демократия­лық қағидаттарды желеу етіп, жалаң ұранмен «жұмсақ күш» арқылы өзінің жымысқы сая­са­тын іске асыру үшін өзге мем­ле­кеттерге қанша қаражат бөлгенін елестетіп көріңіз. Мысалы, Қиыр Шығыстағы, Орталық Азиядағы, Африкадағы, Еуропадағы бір­қатар дамушы елдерде билікке қар­сы төңкерістер ұйымдастыр­ыл­ғаны белгілі», – дейді депутат.

Тарихқа үңілсек, USAID-ті (United States Agency for International Development) 1961 жылы АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннеди құрған екен. Мақ­сат – қақтығысқа тап болған ел­дердің экономика, денсаулық сақ­тау мен білім беру жүйелерін жақсартуға гуманитарлық көмек көрсету. Десе де, іс жүзінде ол сырт­қы ықпал ету тетігін, «жұм­сақ күш» рөлін атқарғаны жасыр­ын емес. Мәселен, соңғы 10-15 жылда USAID түрлі демократия­ландыру жобалары мен биліктің ауысуына ықпал ететін «түрлі түс­ті революциялар» ұйымдас­тыру­ды қаржыландырған, оппо­зи­циялық қозғалыстарға қаражат бөлген. Жүздеген мың доллар ақша террористік ұйымдармен бай­ланысы бар коммерциялық емес ұйымға берілген. Сондай-ақ агенттік шетелдегі трансгендер­лер құқықтарына (ЛГБТ+ қозға­лысы) қатысты жобаларды қар­жы­ландырғаны үшін сынға ұш­ыр­ап отыр. USAID-тің қомақ­ты қаражаты Ауғанстандағы ир­ригациялық каналдар салуға және ауыл шаруашылығына тың­айтқыштар сатып алуға жұмсал­ғаны да анықталған. Ақ үйдің мәлім­демесінде, бұл көмекті гер­оин өндірушілердің қолдан­ғаны атап өтілген. Сарапшылар USAID-тің АҚШ-тың стратегия­лық мүддесі жоқ елдерде гумани­тарлық апаттарға назар аудармай­тынын айтады, ал көмек көр­сет­кен­нің өзінде кейде саяси шарт­тар қойып береді. Мысалы, АҚШ ком­панияларына тиімді рефор­маларды ілгерілету мақсатында дамушы елдердің нарықтарын америкалық тауарлар мен қыз­меттер үшін ашуға ықпал етеді. Сондықтан АҚШ-тың сыртқы саясатына қарсы мемлекеттер, оның қызметін өз аумағында шек­тейді немесе мүлде тыйым салады. Ал USAID-тің Қазақстан­дағы негізгі жобалары 5 бағытта жүргізілген екен. Олар – инвес­ти­ция және «жасыл экономика»,  демократия және сөз бостандығы, туберкулез бен ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес, соның ішінде COVID-19, энергетика және эколо­гия (климаттың өзгеруі), аймақ­тық қауіпсіздік, яки терроризм мен экстремизмге қарсы күрес.

«Бізде шетелдік грант «еміз­і­г­іне» отырып алған кейбір, тағы да айтам, кейбір үкіметтік емес ұйымдар көбінесе, түймедейді түйедей қылып, негативті теріп-жи­нап, кураторларына өтірік есеп беріп, «ойбай бұл елде адам құқығы тапталған», «сөз бостан­дығы шектелген», «сіздер аралас­па­саңыздар құрдымға кетудің алдында тұрмыз» деп байбалам сала­ды. Тіпті, біздегі жағдайды дамымай қалған үшінші мемле­кет­термен негізсіз, дәлел-дәйек­сіз теңестіреді. Оларға Қазақстан­ның жақсарғаны емес, шай­қал­ғаны пайдалы. Себебі өздерінің жеке басының пайдасына, яғни «гуманитарлық бизнестеріне» қаржы керек», – деді ол. 

Осыларды назарға алып, Бура­байда сөйлеген сөзінде Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз тарих, дәстүр және қазіргі заман құндылықтарын әрдайым бірдей ұстанып келеміз. Жұртты саяси прагматизмге шақырып, қо­ғамда Заң мен Тәртіпті орнық­тыру маңызды екенін бұрыннан айтып жүрміз. Қазір әлемде бол­ып жатқан оқиғалар біздің бағ­дары­мыздың дұрыс екенін көр­сет­ті. Әрине, шетелдегі жағдайды үнемі ескеріп отыру маңызды. Бір­ақ біз алдымен өз еліміздің ішкі мәселелеріне ден қоюымыз керек. Біз ұлттық мүддемізді қор­ғау үшін алдағы уақытта да ұтым­ды әрі байыпты әрекет етуіміз қажет. Талай заманнан келе жат­қан өкпе-реніштерден, өткенге құр мақтанудан және бәрін орын­сыз сынап-мінеуден арылу қажет. Әлеуметтік масылдық пен саяси таяздыққа мейлінше жол бермеу­ге тиіспіз. Шектен шығып, тым асыра сілтейтін көзқарастарға бар­­ын­ша тосқауыл қойған жөн», – деп нақты тапсырма берді. 

Осы ретте елімізде ішкі сая­сатты іске асыратын, оның ба­ғыт-бағдарын анықтайтын билік институттары бар екенін, Қазақ­станның өз ішкі ісіне, ұлттық идео­логиясына, рухани-мәдени дүниетанымына, яғни ішкі сая­саты­на сыртқы күштердің арала­суына жол бермеуге, заң аясында батыл жауап беруге қабілетті екен­ін атай кету керек. Мәселен, АҚШ, Қытай, Ресей сияқты ал­пауыт мемлекеттер ішкі саясат­тарына өзгелердің араласуына жол бермейтін заңдар қабыл­даған.

«Осыған байланысты Үкімет тез арада келесі мәселелерді қол­ға алуы керек. Ең алдымен, Қар­жы министрлігі мен тиісті мемле­кеттік органдарды іске қосып, елі­міздің ішкі саясатына арала­суға бағытталған сырттан құйыл­ған қаржыны анықтап, тиісті шара қабылдасын. Келесі, шетел­ден қаржыландырылатын ұйым­дардың қызметін реттейтін қол­дан­ыстағы заңнаманың тиім­ді­лігіне талдау жүргізсін. Сондай-ақ шетелдік гранттар арқылы қар­жыландырылатын жобалар мен ұйымдардың қызметін ба­қылау және реттеу механизмдерін жетілдіру қажет. 

Осы орайда бір мәселенің басын ашып алайық. Сырттан келетін қаржы, егер таза болып, инвестиция ретінде экономиканы дамытуға құйылатын болса, эко­логия мен денсаулық сақтау саласын жақсартатын болса, онда оған жол ашық. Ал егер ішкі сая­сатымызға қарсы, ұлттық дүние­танымымызға жат, тұрақты­лы­ғымызды шайқайтын жобаларды қаржыландырса, онда ондай ұйым­дарға жол жабық», – деді депутат.

Сөз соңында Еділ Жаңбыр­шин елімізде арнайы құжат дай­ын­далатынын жеткізді. Мәжіліс депутаттары бастаған сарапшы­лар тобы жасап шыққан бұл құ­жат ел тарихындағы тұңғыш құ­жат бол­мақ. Оны тіпті Пре­зиденттің өзі де атап өтті. 

«Ішкі саясаттағы шаруа­ның бәрін жүйелейтін бір­тұтас тұжыр­ым­дамалық құжат керек деген пікір­мен келісемін. Ұлт­тық құр­ы­л­тай мүшелері – Еділ Жаңбыр­шин, Айдос Сарым, Никита Ша­талов, Гүлмира Илеуова, Андрей Че­ботарев, Данияр Әшім­баев, Марат Шибұтов және бас­қа да азаматтар осындай ұс­ын­ыс айтты. Олар өз бастамасын іске асырып, Ішкі сая­сат тұжыр­ым­дамасының жоба­сын да әзірледі.

Мемлекеттік органдар бұл жобаны жан-жақты зерделеп, бар­лық мәселені пысықтауы қа­жет. Құжатта құзырлы органдар мен мүдделі тараптардың қызметі бір арнаға тоғысуы керек. Онда мем­лекеттік идеология жұмысы­ның мақсат-міндеттері мен бас­ым­дықтары нақты белгіленуге тиіс», – деді Қ.Тоқаев.

Тұжырымдамада халқымыз­дың бірегей болмысын, өмір сал­тын сипаттайтын жалпы­ұлт­тық құндылықтар мен негізгі нышан­дар айқын көрсетілмек. Бұл, ең алдымен, осы құндылықтар мен ныш­андарды қоғамда орнықтыру, оларды кеңінен дәріптеу және қорғау үшін қажет. Ел өмірі үшін маңызды құжат созбалаңға сал­ын­бай тезірек қабылдануға тиіс.

«Одан қалса, Мемлекет бас­шы­сының Құрылтайдағы тап­сырмасына сәйкес, Тәуелсіздік алғалы бірінші рет елімізде ішкі саясат Тұжырымдамасы әзір­ле­не­ді. Бұл – ұлттық құндылық­тары­мыздың негізінде ішкі сая­сат­тың бағыт-бағдарын, құры­лы­мын және Ережелерін айқын­дайтын, ел мүддесі үшін саяси топ­тарды біріктіретін, осы шара­лардың нәтижесінде мемлекеті­міздің ішкі шаруасына аралас­қысы келетін саяси авантюристер мен деструктивті топтарға тос­қауыл қоюғы мүмкіндік туғыза­тын стратегиялық құжат бол­мақ», – деп аяқтады сөзін Мәжіл­іс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Нұрлан ҚОСАЙ