Қарағанды облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдардың саны жылдан жылға артып келеді. Бүгінде өңірдегі 63 елді мекенде алкоголь өнімдері мүлдем сатылмайды.
Қарағанды облысында 63 ауылда ішімдік сатылмайды
Фото: fikiwiki.com
286
оқылды

Ал 2025 жылдың соңына дейін бұл тізімге тағы 12 ауыл қосылмақ. Бұл оң өзгерістер – облыста жүзеге асып жатқан «Ішімдіксіз ауыл» жобасының нақты нәтижесі. Жоба аясында ауыл ақсақалдары мен полиция қызметкерлері күш біріктіріп, ішімдіктің таралуына және соған байланысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізіп жатыр.
Мәселен, Қарақұдық ауылында соңғы 4 жылдан бері алкоголь өнімдері сатылмайды. Бұл – әлдекімнің қойған талабы емес, тұрғындардың өз қалауы. Қазір онда 640 адам тұрады. Ал ауыл жастары спортқа бейім.  Игі жобаға жергілікті кәсіп иелері де қолдау танытқан. Қазір ауылдағы 5 дүкеннің ешбірінде ащы сусын сатылмайды.
Жалпы қазір өңірде осындай игі бастаманы қолға алған ауылдар саны 60-тан асты. Соңғы үш жылда бұл елді мекендерде бірде-бір заңбұзушылық тіркелген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз