Полиция департаментінің мәліметінше, 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айыппұл тұрағына қойылып, иесі жауапкершілікке тартылады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мопедтерді механикалық көліктерге теңестірудегі себеп – мұндай көлік санының жыл сайын артуы және олардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының көбеюі. Мәселен, былтыр елімізде мопедтердің қатысуымен 1800-деп астам жол апаты тіркеліп, 76 адам қайтыс болған. 2 мыңға жуық жолаушы жарақаттанған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз