Аймақтық прокуратураның хабарлауынша, Жаңасемей ауданының прокуратурасы медициналық мекемелердің балалар арасында профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу жұмыстарын ұйымдастырмағанын анықтады, – деп хабарлайды aikyn.kz.
«2024 жылы Абыралы ауылында 342 бала тексерілмеді, бұл олардың кепілді медициналық көмек алу құқығын бұзды. Сонымен қатар, аудиологиялық скринингке мұқтаж 214 баланың 39-ы ғана тексерілді. Нәтижесінде 2024 жылы 517 бала қажетті тексеруден өте алмады», – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.
Прокуратура кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын қорғап, балалар медициналық тексеруден өте бастады, ал аурухана директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз