Екі жүзге жуық мал бруцеллез жұқтырған. Бұл туралы облыстық Ветеринария басқармасы хабарлады. Бүгінгі таңда шаруа қожалықтарынан 193 бас ірі қара мал союға жіберілді. Барлық ауру зертхана арқылы расталды.
Ведомствоның хабарлауынша, ветеринарлық талаптарға сай карантиндік шаралар жүргізілген. Алайда жергілікті тұрғындар сау малдың екпесіз қалып жатқанына алаңдаулы.
«12-сі сиырым ауру жұқтырды. Ал көршімнің жиырмадан астам сиыры ауырды. Ауылда аз уақыттың ішінде 300-ге жуық малымыздан айырылдық. Қазір карантинге байланысты қалған малға екпе салу мүмкін емес. Вакцинаны өзіңіз сатып алсаңыз да жарамсыз болып саналады», - дейді ауыл тұрғыны Серікхан Серікбайұлы.
Ветеринариялық қызметтің мәліметінше, бұл елді мекенде соңғы үш айда 50-ге жуық бруцеллез тіркелген. Мамандар жағдайды тексеріп, бақылауды жалғастыруда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз