Атырау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жер телімін алу кезегінде 30 мыңның шамасында өтініш тіркелген.
«Әкімдік тарапынан Атырау қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі жиынында «2007 жылы жер кезегіне тұрған азаматтарға Қайнар тұрғын үй алабынан жер учаскелерін беру» туралы ұсыныс жасалған еді. Ұсыныс мақұлданып, 2024 жылдың 1 қазанынан биылғы 12 наурызға дейін аталған тұрғын үй алабындағы 530 жер учаскесі тұрғындарға толығымен табысталды. Жер учаскесін алған азаматтар 2007 жылы жер алу кезегіне тұрған», – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің дерегіне қарағанда, 13 наурыздан бері жері телімін беру уақытша тоқтатылған.
«Атырау қаласының әкімдігі 2025 жылдың 13 наурызынан бастап 2007 жылы жер кезегіне тұрған азаматтарға жер учаскелерін табыстау жұмыстарының уақытша тоқтатылды. Алдағы уақытта басқа да тұрғын үй алабы дайын болып, инженерлік желілері толық жүргізілгеннен кейін жер учаскелерін табыстау жұмысы қайта жалғасатындығын хабарлаймыз», – деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 11 жылдан бері пайдаланылмаған жері телімі мәжбүрлеп алынатынын жазған едік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз