Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жеткен.
Қостанай облысындағы дала өрті сөндірілді
Видеодан скриншот
657
оқылды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданына жақын Б. Майлин ауылы маңын дала өрті шарпыды, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

ТЖМ мәліметінше, қатты жел салдарынан өрт Әулиекөл ауданына да таралды. Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жетіп, алдымен өртті оқшауландыру, кейін сөндіру жұмыстарын жасады. Тікұшақпен аэровизуалды тексеру жүргізілді.

- Өрт сөндіруге 80-нен астам адам мен 25 бірлік техника, сондай-ақ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда. Өрт 700 гектарға жуық алаңда сөндірілді, – деп жазылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз