Оқиға Ұлытау облысында болған
Тәулік бойы көлігі балшықта кептеліп, тұрып қалған жолаушылар құтқарылды
Видеодан скриншот
614
оқылды

ТЖМ құтқарушылары 1 тәулік бойы балшықта кептеліп, тұрып қалған жолаушыларға көмекке келді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Министрліктің мәліметіне сәйкес, Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Борсенгір ауылдық округінде жол талғамайтын автокөлік балшыққа батып қалып, бір тәулік бойы өздігінен шыға алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

- ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары техника көмегімен көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Көлікте болған 3 жолаушы сапарын әрі қарай жалғастырды. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - деп жазылған хабарламада

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз