Туризм және спорт министрлігі 7-13 сәуір күндері өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады.
Алдағы аптада қазақ спортшылары қандай сайыстарға қатысады?
Фото: istockphoto
801
оқылды

🔹7-12 сәуір – Сурдо жүзуден Қазақстан чемпионаты
Жарысқа 13 өңірден 152 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Павлодар қаласы.

🔹7-13 сәуір – Пара жүзуден «Фудзи Шизуока» Әлемдік сериясы
Қазақстан құрамасынан 5 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Фудзи қаласы, Жапония.

🔹8-13 сәуір – Бадминтоннан BWF Азия чемпионаты
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Нинбо қаласы, Қытай.

🔹8-13 сәуір – Таэквондодан (I.T.F.) барлық жас санатындағы Азия кубогы
Сары құрлық додасына 28 елден 800 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасынан 368 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Шымкент қаласы.

🔹8-15 сәуір – Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы IB дивизионының әлем чемпионаты
Жаһандық додаға Қазақстан әйелдер құрамасы да қатысады.
Өтетін орны: Дамфрис қаласы, Ұлыбритания.

🔹10-14 сәуір – Каратэ WKF-тен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты
Ішкі біріншілікке еліміздің 18 өңірінен 500 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ақтау қаласы.

🔹11-12 сәуір – Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан кубогы
15 өңірден 500 спортшы жарыс жолына шығады.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы.

🔹11–13 сәуір – Синхронды жүзуден әлем кубогы кезеңі
Қазақстан құрамасынан 6 спортшы өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Сомабай қаласы, Мысыр.

🔹13-17 сәуір – Спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы Азия және Мұхит елдері чемпионаты
Жарысқа ел құрамасынан 90 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан.

🔹13-19 сәуір – Жеңіл атлетикадан (U18) VI Азия чемпионаты
Қазақстан құрамасынан 10 спортшы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Даммам қаласы, Сауд Арабиясы.

🔹13-22 сәуір – Стенд атудан әлем кубогы
Ел намысын 4 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.

🔹13-22 сәуір – Нысана көздеуден әлем кубогы
Отандық 14 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Лима қаласы, Перу.