Алматы облысының тауларында 7-13 сәуір аралығында көшкін қаупі сақталады. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
Ескерту: Алматы облысында қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: интернеттен алынды
352
оқылды

 

Алматы облысының тауларында 7-13 сәуір аралығында көшкін қаупі сақталады. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды. 

ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан, қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік  шараларын сақтауды сұрайды.  Алматы облысының аумағында Іле Алатауы тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз