Швейцарияның Айроло қаласында өткен фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы мәресіне жетті. Қазақстандық спортшы Дінмұхаммед Райымқұлов бұл жарыста екі медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, сайыстың бірінші күнінде Райымқұлов бірінші орынға бір қадам жетпей қалды. Ол екінші орынға ие болып, тек Максим Кузнецовқа (Украина) ғана жол берді.
Екінші күні қазақстандық спортшы алтын медаль жеңіп алды. Дінмұхаммед шешуші кезеңде 96,58 ұпай жинады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.