Олар жарыс қорытындысы бойынша, 51,090 ұпай жинады.
Қазақстан батуттағы гимнастикадан әлем кубогының жүлдегері атанды
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
623
оқылды

Қазақстан ерлер құрамасы батуттағы гимнастикадан Италияның Риччоне қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазақстандық спортшылар ерлер арасындағы синхронды секіруде сәтті өнер көрсетті.

ҰОК мәліметінше, Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов жұбы қола медаль жеңіп алды.

Олар жарыс қорытындысы бойынша, 51,090 ұпай жинады.

Жарыста бірінші орынды Германия спортшылары жеңіп алды – 51,570 ұпай, екінші орын – Франция құрамасына бұйырды – 51,350 ұпай.

Айта кетейік, бұған дейінгі әлем кубогының кезеңінде де қазақстандықтар жүлдеге қол жеткізген болатын. Данил Мусабаев пен Никита Тумаков синхронды секіруде күміс медаль жеңіп алған.