Freedom Life ӨСК мамандары зерттеу жүргізіп, жоғары оқу орындарының түлектері қай жерде ең үлкен еңбекақы алатынын және Қазақстандағы жоғары оқу орындарын бітірушілері үшін жалақысы үлкен жұмыс түрлерін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты naryk.kz сайтындағы материалға сілтеме жасап.
Талдаушылардың зерттеулеріне сәйкес, ең үлкен еңбекақыны – АҚШ, Франция және БАЭ жас мамандары алады. Мысалы, АҚШ жоғары оқу орнын бітіруші, еңбек тәжірибесі аз болғанда да, орташа алғанда, айына 3 709 доллар алады (шамамен 1,86 млн теңге), Францияда – 3 300 евро (1,78 млн теңге), ал БАЭ – 12 000 дирхам (1,64 млн теңгеге) дейін. Ұлыбритания және Германияда – шамамен 1,4-1,5 млн теңге.
Қазақстанда 2024 жылы орташа білімді жалдамалы қызметкерлердің еңбекақысы 262 238 теңге құраған, жоғары білімі барлардың – 438 005 теңге, жоғары білімнен кейінгі оқу бітіргендердікі – 558 882 теңге, демек, жоғары білім алу табысқа әсер етеді.
Келесі салаларда: білім ағарту және денсаулық сақтау мекемелерінде қызметкерлердің көбі тіркелген.
Осыған орай, ең жоғары еңбекақысы келесі салалар бойынша бекітілген, атап айтқанда: қаржы қызметі және сақтандыру – айына 1 млн теңгеге дейін, сондай-ақ компьютерлік бағдарламалау, су, теңіз, әуе, құбырлар жеткізу көлігінің қызметі – айына 800 мың теңгеден астам.
Қазақстандағы жоғары білім
Әйгілі қазақстандық университеттерде және шетелдік оқу орындарында білім алу тек қуаттыларға емес, грантпен түскендерге қолжетімді болу үшін, мемлекет арнайы білім беру бағдарламаларын құрастырған. Аталған бағдарламаларға қаржы ұйымдары үлесін қосуда.
Мысалы, 2023 жылы Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (МБбЖЖ) іске қосылған, соның шеңберінде ата-аналардың, өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша арнайы бағдарламалар арқылы сақтандырушылармен шарт жасасу мүмкіншіліктері пайда болды. Мысалы, Freedom University бағдарламасы. Аталған бағдарлама бойынша, ата-аналар өмірді сақтандыру компаниясымен (ӨСК) шарт жасасады және жарналарын енгізеді. Олар төлем жасаған кезеңде, сақтандыруды қорғау жүзеге асырылады. Сол мерзім аралығында ата-аналар жазатайым оқиғаға тап болса, сақтандырушы университетке жоспарланған қорланымды толық төлейді, жасалған жарналар сомасына тәуелсіз. Ал шарт мерзімі аяқталғанда, компания ата-аналарға оқу құнын жинақталған сомасы шегінде төлейді, мемлекеттік сыйлықақысы және қаржыландыру табысы ескеріледі. Сақтандырушы төлемді біржолғы ретте (барлық оқу кезеңі бойынша) немесе үлестес түрде (әр академиялық жылы бойынша) жүзеге асыруы мүмкін. Егер оқу сомасы одан аз болса, айырмашылығы төленетін болады.
Табыстылыққа қатысты ескертілетіні, бағдарлама ережелерімен өмірді сақтандыру компаниясы тарапынан және мемлекет тарапынан төлемдер атқару қарастырылған. Ережелер бойынша, ӨСК қорланым мерзімі бойынша кепілдік табысы 8% дейін есептеледі. Сондай-ақ шарт бойынша жылына бір мәрте, мемлекеттік сыйлықақысы 5-7% дейін есептеледі. Сонымен қатар мерзімділік сақтандыру төлемдерін 8% дейін индекстеу көзделген. Егер бала оқуға грантпен түссе, ата-аналар жинаған сомасын алуға және қалауы бойынша жұмсауға ерікті.