Өнер иесі анасына қарағанда енесіне көбірек ұқсайтынын атап өтті.
«Енем – менің құрбым»: Маржан Арапбаева ата-енесі туралы айтты
Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan
2,585
оқылды

Әнші Маржан Арапбаева ата-енесімен қарым-қатынасы туралы айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі анасына қарағанда енесіне көбірек ұқсайтынын атап өтті. 

«Енеммен қарым-қатынасым өте тамаша. Ол менің құрбым. «Мен қонақ күткелі жатырмын, тез кел» демейді. Кейбір кезде маған тіпті «Сіз» дейді. Мен сондай сәтте ыңғайсызданып қаламын. Өйткені, енем мен қайын атам адамдарды қатты құрметтейді. Ескінің адамдары емес. Енем - ағылшын тілінің мұғалімі, қайын атам – ұзақ жылдар бойы мектеп директоры болған, математик», - дейді ол Жетінші арнадағы «Айгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.