Çalıkuşu мелодиясына вальс билеген.
«Сүйемін. Ғашықпын»: Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжановпен вальс билеген видеосын жариялады (видео)
Фото: YouTube
23,482
оқылды

Әнші Әйгерім Қалаубаева актер Нұрлан Әлімжановпен түріктің әйгілі Çalıkuşu мелодиясына вальс билеген видеосын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әйгерім Қалаубаеваның  жазбасы желі қолданушыларын ойландырып қойды.

«Шіркін, адам баласының бәрі өтірік, бірін-бірі алдау, сыртынан балағаттау дегендердің не екенін білмесе ғой... Мына әлем қандай керемет болар еді! Әрқашан бір-біріне сенім артқан жандар, еш боямасыз бейнелер, шынайы сезімдер мен ақ қағаздай таза да пәк өмір, бейкүнә періштедей адамдар... Иә, иә, иә, осындай шынайылықты армандаймын! Бүкіл адамзат ондай болмаса да, менің жанымда, айналамда сондай жандардың жүргенін қалаймын! Қасымдағылардың жүздерінен қаталдық, арамдық, өтірік, кулық сияқты дүниелерді көргім келмейді! Мен өз тарапымнан айналама арай шашқым келеді! Ешкімнің көңіліне дақ түсірмей, бәріне қорған бола алмасам да, әрқашан қолдау таба алатын жан болғым келедi... Мен адамдардың бәрін СҮЙЕМІН, бәріне ҒАШЫҚПЫН, бәрін ЖАҚСЫ КӨРЕМІН! Бұл – менің шындығым...» деген екен Арай деген ару», - деп жазған әнші оқырманға ой салды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aikerim Kalaubaeva (@aikerim_kalaubaeva_official)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.