Мүтәліп Ережепбаев (98 жаста) 1926 жылы 23 наурызда Жамбыл облысы, Қарой ауылында дүниеге келген. 1943-1944 соғыс жылдарында бастауыш сыныптарға ұстаздық еткен.
Әскер қатарына өзі сұранып, 1944 жылы қазан айында армия қатарына алынған. «Прибалтика» майданында Кенисберг қаласы маңындағы ұрысқа, Берлин шайқастарына қатысқан. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Берлинді алғаны үшін» медалімен марапатталған.
Ұлы Жеңістен соң әлемге әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруіне қатысқан. 1950-1956 жылдары Талас аудандық «Кеңес» атқару комитетінде нұсқаушы, кадр және құпия бөлімдерінің меңгерушісі, 1956-1958 жылдары аудандық «Ленин жолы» (қазіргі Талас тынысы) газетінде жауапты хатшы, редактор қызметтерін атқарған. «Еңбек ардагері», Талас ауданының «Құрметті азаматы». Отбасында 3 ұл, 3 қыз, немере мен шөберелер тәрбиелеп, өсіріп келеді.