1926 жылдың 8 шілдесінде Кемеров облысының Яшкин ауданында дүниеге келген. 1943 жылдың маусым айында Кемеров педагогикалық училищесінде бітіріп, сол жылы қараша айында 17 жасында Қызыл әскер сапына шақырылған.
Жас жауынгер курсын 43-ші атқыштар бригадасында Богомол қаласында өтті. Қосымша полкте әскери дайындықтан өткен соң майданға сол жақтан аттанған.
Ұлты орыс. Польшаның Сандомец қаласының Сандомие деп аталатын плацдармында шайқасты. Минометші Иванов полк құрамында фашистік Германияның астанасына жетіп, 1945 жылы маусымда соғыстан оралды. Соғыс жылдарынан кейін математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Отбасында 3 ұл, 3 немере мен шөберелер тәрбиелеп, өсіріп жатыр.