Иван Федорович Макеев 1927 жылдың 10 шілдесінде Тамбов облысының Мучкапск ауданының Мучкап селосында дүниеге келген. Ұлты – орыс.
Мектепті бітіргеннен кейін «Забайкалье» майданында ерекше мақсаттағы радиодивизионның барлаушысы болып қызмет етті. Харбин, Мукден, Чань-Чюнь қалаларын азат ету шайқастарына қатысты.
Соғысты Чань-Чюнь қаласында аяқтады. 1951 жылға дейін осы қалада әскери қызметте болды. 1952 жылдан бастап милиция органдарында, «Жамбыл» стансасы желілік ішкі істер бөлімінде жұмыс істеді.
1967 жылы Алматыдағы жоғары милиция мектебін бітірді. Оперативтік қызметкерден ОБХСС бастығына дейінгі қызмет жолынан өтті. Подполковник атағын алған. Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» мерекелік медальдарымен марапатталған.