Григорий Владимирович Нещеретнев 1921 жылы 22 қарашада Луговой ауданының «Каменка» аулында дүниеге келген. Ұлты орыс.
Соғысқа дейін Луговой МТС-інде комбайыншы болып істеген. 1941 жылы әскерге алынып, майданда аға сержант, бөлімше командирі, батерея старшинасы болып шайқасты. Ленинград қоршауын бұзуға, Новогород қаласын азат етуге қатысып, Псковқа дейін жетті.
Сол шайқаста жараланды. Волхов майданында 501-ші миномет полкі құрамында шайқасты. Ұрыста ауыр жараланып, емделгеннен кейін әскер қатарынан босатылған. Соғыстан кейін ІІ топтағы мүгедек екеніне қарамастан, жүргізуші болып еңбек етті. Еңбек ардагері. Жауынгерлік және бейбіт дәуірде алған марапаттары бар.