1959 жылдан бастап «Жаңатұрмыс» колхозында есепші, бас есепшінің көмекшісі болып 1984 жылға дейін қызмет атқарған. 1984 жылы зейнетке шыққан.
227-полкінің құрамында болған Шалданбай ақсақал
420
оқылды

Шалданбай Шаңбаев  1924 жылы 10 ақпанда «Жаңатұрмыс» ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 15 тамызда Меркі аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынған. Соғыстың соңына дейін ішкі істер әскерлерінің 227 полкі құрамында майданда болып, соғыс аяқталған соң да армия қатарында қалдырылған. 1949 жылы елге оралған.

ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков, «Қарулы күштеріне 50, 60, 70 жыл» медальдарымен, «Совет Армиясына 30 жыл» белгісімен марапатталған. Елге оралысымен, трактор бригадасының бригадирі, санақшы болып қызмет атқарған. 1959 жылдан бастап «Жаңатұрмыс» колхозында есепші, бас есепшінің көмекшісі болып 1984 жылға дейін қызмет атқарған. 1984 жылы зейнетке шыққан. Отбасында 9 ұл-қыз, 32 немере, 8 шөбересі бар, қазір соларды өсіріп, тәрбиелеп жатыр.