Рахымжан Мамралиев 1925 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылында шаруа отбасында туылған. Ұлы Отан соғысына дейін Жамбыл ауылында жұмысшы болып еңбек еткен. 1943 жылы қаңтар айында Жамбыл аудандық әскери комиссариатынан соғысқа аттанған. 1943-1944 жылдары Приморск өлкесін, Ворошилов қаласын азат етуге қатысқан. Жапон соғысына қатысып, Манчжурияда болып, соғыс біткен соң 1951 жылға дейін Корея республикасының Сеул қаласында болған. 1951 жылы қараша айында елге оралған.
1953-1962 жылдары Талас ауданы «Аққөл» колхозында есеп бөлмінің басшы қызметін атқарған. 1963-1966 жылдары Жамбыл ауданы, «Бірлесу Еңбек» колхозында есепші болып еңбек еткен. 1966-1971 жылдары Жамбыл ауданы Аса ауылында, 1971-1985 жылдары Свердлов (Байзақ) ауданы Фрунзе колхозында май зауытының бастығы болып жұмыс атқарған. 1985 жылы зейнетке шыққан.
«Еңбек Қызыл ту», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Победа над Германией в Великой Отечечтвенной войне 1941-1945 годы», «20, 30, 40, 50 лет Победы Великой Отечественной войне 1941-1945 годы», «Ветеран труда», «50, 60, 70 лет Вооруженных сил» медальдарымен марапатталған. Отбасында 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген, 19 немересі, 6 шөбересі бар.