ҚҚС бойынша тіркеу шегі 40 млн теңгеге дейін ұлғайтылады. Үкімет «AMANAT» партиясы фракциясының бұл ұсынысын қолдады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.
Сондай-ақ «AMANAT» партиясы депутаттарының бастамасымен жаңа Салық кодексі жобасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару, археология қосымша құн салығынан босатылады.
Сонымен қатар халық қалаулылары денсаулық сақтау саласын бағаның күрт өсуінен қорғап қалды. Атап айтқанда, Үкімет қосымша құн салығынан босатылған дәрілік заттардың әлеуметтік тізбесін бекітеді. Бұдан былай тек ақылы медициналық қызметтерге ғана 10% мөлшеріндегі арнайы қосымша құн салығы салынады.
Әлеуметтік саладағы КТС кезең-кезеңімен өседі – 2026 жылдан бастап 5%-ға және 2027 жылдан бастап 10%-ға. Арнаулы салық режимінде тыйым салынатын емес, рұқсат етілмейтін тізім енгізіледі. Яғни, тыйым салынбағанның барлығына рұқсат беріледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «минус 70%» жеңілдік ставкасы өз күшінде қалады; өңдеу өнеркәсібі үшін КТС мөлшерлемесі 20% күйінде сақталады.
Банк операциялары бойынша да қосымша құн салығы алынады. Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп, баға өсіміне жол бермеу үшін қолданыстағы тарифтердің негізділігіне талдау жүргізеді.