Ақпан айында шымкенттік полицейлер 69 жастағы тұрғыннан ірі көлемде ақша жымқырған екі ер адамды ұстаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Зейнеткерге өзін ұялы байланыс операторымын деп таныстырған белгісіз тұлға қоңырау шалып, сим-картасының мерзімі аяқталғанын айтқан. Нөмірінің қызметін ұзарту үшін азаматша СМС-кодты хабарлаған. Араға аз уақыт салып, "құқық қорғаушылар" хабарласып, әйелдің шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалған адам алаяқ екенін жеткізген. Дүрбелеңге түскен зейнеткер жиған-тергенін сақтап қалу үшін күдіктілердің айтқанын бұлжытпай орындаған: есепшотындағы бар ақшаны шешіп алып, оны "сенімді қолға" уақытша сақтауға тапсырған.
Киберпол қызметкерлері күдіктілерді анықтап, жан-жақты және толыққанды тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, жәбірленушіге келтірілген шығын түгел өтелді.
Сот үкімімен екі күдіктінің әрқайсысына 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.