Инертті материалдармен қаптарды жергілікті төсеу және тұрғын үйлердің аула аумақтарынан еріген суларды бұру жұмыстары жүргізілді.
Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп, бірнеше үй су астында қала жаздады
Фото: ТЖМ
252
оқылды

ТЖМ құтқарушылары үйлерді су тасқынынан құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ақмола облысы Атбасар ауданы Мариновка ауылында Есіл өзенінің деңгейінің көтерілуі нәтижесінде 23 тұрғыны бар 6 үй су басу қаупіне ұшырады. 

Ақмола облысы ТЖД құтқарушыларының, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің және ЖАО күшімен инертті материалдармен қаптарды жергілікті төсеу және тұрғын үйлердің аула аумақтарынан еріген суларды бұру жұмыстары жүргізілді. 

4000 мыңнан астам қап салған күштер мен құралдар тобының үйлесімді жұмысының арқасында бүгінгі таңда жоғарыда аталған үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. 

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бақылауда екенін мәлімдеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.