Бұған дейін форумды өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп келген.
Астана халықаралық форумына бюджеттен қаржы бөлінбейді
Фото: Экономика министрлігі
413
оқылды

Биыл Астана халықаралық форумы демеушілер есебінен өткізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Бұл туралы ҚР Мәжілісінің пленарлық отырысынан кейінгі брифингте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұған дейін форумды өткізу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп келген, алайда биыл бұл қаулының күші жойылған.

Форумды ұйымдастыруға қатысты барлық шығын демеушілік жарналар арқылы жабылады және оған мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.